Коммунальное государственное учреждение «Жамбылская общеобразовательная школа»
Официальный интернет-ресурс
"Мамандықтар жәрмеңкесі"

"Мамандықтар жәрмеңкесі"

"Мамандықтар жәрмеңкесі"
Мектебімізде 6–8 сынып оқушылары арасында «Мамандықтар жәрмеңкесі» атты кәсіби бағыт-бағдар беруге арналған танымдық іс-шара өтті. Шараның мақсаты – оқушылардың болашақ мамандыққа деген қызығушылығын оятып, әр саланың маңызын түсіндіру.
Оқушылар өздері таңдаған мамандықтар бойынша постерлер әзірлеп, оның мәні мен мазмұнын сыныптастарына таныстырды. Әр қатысушы мамандықтың қоғамдағы рөлі, қажеттілігі мен болашағы туралы ойланып, өз ойларын еркін жеткізді.Іс-шара оқушылардың болашаққа деген сенімін нығайтып, мамандыққа саналы түрде қарауға ықпал етті.