Коммунальное государственное учреждение «Жамбылская общеобразовательная школа»
Официальный интернет-ресурс
*Буллинг – бұл жай сөз емес, бұл біреудің тағдырына әсер ететін ауыр әрекет.*

*Буллинг – бұл жай сөз емес, бұл біреудің тағдырына әсер ететін ауыр әрекет.*

*Буллинг – бұл жай сөз емес, бұл біреудің тағдырына әсер ететін ауыр әрекет.*
Мектеп – тек білім алатын орын емес, бала үшін екінші үй. Бірақ сол "үйде" біреулерге күн сайын қорқынышпен келу қалыпты жағдайға айналса, онда үнсіз қалуға болмайды.
Буллинг — күлу, мазақ ету, итеру, сыртқа тебу, сөзбен шаншу, елемеу…
Бұл әрекеттердің астында баланың ішкі жан дүниесі жараланады. Өз-өзіне сенімі жоғалып, тұйықталып, кейде тіпті ауыр салдарға апарады.
Әр бала — мейірім мен қамқорлыққа лайық.
Сыныпта, аулада, интернетте болмасын, буллингке жол жоқ!
Көріп тұрып үнсіз қалу — қолдау білдірумен бірдей.
Сондықтан, балаға, ата-анаға, ұстазға, қоғамға — бәрімізге ортақ жауапкершілік бар.
*Үнсіз қалма! Байқадың ба — аралас!*
Себебі бір сөз, бір әрекет — бір тағдырды құтқара алады...