Бүгін 8 желтоқсан күні бастауыш сынып және тәрбиешілер бірлестігінің әдістемелік апталығы аясында Сомкина Ж.С. 3 - 4 сынып оқушылары арасында «Тапқыр болсаң , тауып көр» білімділер сайысын өткізді. 6 кезеннен тұратын сайыс барысында балаларға қызықты пәндік тапсырмалар , сыни ойлауға арналған тапсырмалар ұсынылды. Оқушылар тапсырмаларды жақсы орындап, ұстаздарын қуанта білді.
Өткізілген іс-шаралардың мақсаты: Оқушылардың белсенділіктерін, шапшаңдықтарын, жауапкершіліктерін арттыру. Бойларына бірлесе жұмыс жасау, бір-бірін тыңдау, бір шешімге келу, досын сыйлауға, алға қойған мақсатқа жету қасиеттерін тәрбиелеу.





