«Жамбыл жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс
"Сыбайлас жемқорлықпен күрес"

"Сыбайлас жемқорлықпен күрес"

"Адал ұрпақ" ұйымының желтоқсан айына қойылған жоспарына сай 6 сынып оқушыларымен "Сыбайлас жемқорлықпен күрес" тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді. Ақпараттық сағат барысында оқушыларға жемқорлық ұғымы, оның қоғамға тигізетін кері әсері туралы мағлұмат берілді. Іс-шарада бейнеролик көрсетіліп, нақты мысалдар келтіріліп, сұрақ-жауап, пікірталас ұйымдастырылды. Қатысушылар адалдық, әділеттілік, азаматтық жауапкершілік туралы ой қозғады. Жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру жолдары талқыланды. Мақсаты: Оқушылардың сыбайлас жемқорлық туралы түсініктерін кеңейту, оған деген теріс көзқарасын қалыптастыру. Адалдыққа, әділдікке, жауапкершілікке баулу. Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыра отырып, әділетті қоғам құруға үлес қосуға тәрбиелеу.