«Жамбыл жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

Оқитын әрі жазатын, Білімге қол созатын. Оқушы болдың, қарағым, Білімнің кілтін ашатын

Оқитын әрі жазатын,
Білімге қол созатын.
Оқушы болдың, қарағым,
Білімнің кілтін ашатын-деп, бүгін Жамбыл жалпы орта білім беретін мектебінде 1-сынып білім алушылары үшін алғашқы қоңырау соғылды. Салтанатты жиында мектеп директоры Кенжегузина С. С. оқушыларды құттықтап, 1-сынып оқушыларына "ӘЛІППЕ", Жамбыл селолық округінің хатшысы Бекенова Б. Е. жылы лебізін білдіріп 1 сынып оқушыларына кеңсе тауарларын табыстады. Салтанатты жиынға орман шаруашылығының ҚЕ инженері Касимов М. Е. қатысып Бауыржан Сезімжанға ақшалай сыйлық берді. Салтанатты жиыннан кейін «Менің Отаным – Қазақстан" атты сынып сағаттыр өтті. Білім күні – бұл жаңа бастамалардың, үміттердің және мүмкіндіктердің мерекесі. Бұл күн — оқушылар мен мұғалімдер үшін жаңа оқу жылының табалдырығы, үлкен мақсаттарға бастар жол. Барша білім алушылар мен ұстаздарға табысты, сәтті, жемісті оқу жылын тілейміз!