"Ытымағы жарасқан, туған өлкем - Қазақстан" атты 1 мамыр- Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған тәрбие сағаты
Жамбыл жалпы орта білім беру мектебінде 7-8 сыныптар аралығында тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатының мақсаты: "Құрмет", "Сүйіспеншілік", "Достық", "Ынтымақ" құндылықтарының маңызын түсіндіру болып табылады. Сыйластық, татулық, бақыт ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту, өзара жағымды қарым-қатынасты дамыту, Отанын құрметтеуге тәрбиелеу тәрбие сағатының міндеті болып саналды.
Қазақстан Республикасын мекен еткен 130 дан астам ұлт өкілі күні бүгінге дейін ынтымақтастыққа, бір үйдің баласындай тату-тәтті жарасымды тіршілік кешіп келеді. Жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, тіл басқа болғаны мен тілегі бір, мақсат-мүддесі ортақ, бірілігі мықты, достығы берік ұлттар қазақ елінің салт-дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды, сондай-ақ қазақ халқының қарапайымдылығы, қонақжайлылығы, бауырмалдылығы үшін ерекше бағалайды, бастысы өздері қоныс тепкен Қазақстан жерінің барлық ұланымен ауыз бірлікте, туыс болуды көздейді. Бүгінгі шараның да мақсаты халықтар арасындағы достықты нығайту, осы мақсатта оқушылардың достық қарым-қатынастарын қалыптастыруды жалғастыру, Қазақстан өркендеуіне достық арқылы өз үлестерін қосуға баулу.