Денсаулық фестивалі
10 қыркүйек күні мектебімізде "Біздің денсаулығымыз біздің қолымызда!" ұранымен өткен денсаулық фестивалі салтанатты сап түзеумен ашылды.
Мектеп әкімшілігі балаларды осы мерекемен құттықтап, фестиваль өткізу жоспарымен таныстырды. Содан кейін дене шынықтыру мұғалімі Рамазанов А.К. жетекшілігімен жалпы музыкалық жаттығулар жасалды.Мұғалімдер мен оқушылар флешмоб биледі. Кейін мұғалімдер- волейбол, ал оқушылар - футбол ойындарын ойнады.






