11 - сыныпқа аттестат тапсыру салтанаты
Жамбыл жалпы орта білім беру мектебінде 12 маусым күні салтанатты түрде аттестат тапсыру кеші ұйымдастырылды. Салтанатты шараға мектеп ұстаздары, 11 сынып түлектері, ата-аналар мен оқушылар, Жамбыл аудандық білім бөлімінің әдісері С.К Касенов, Ауыл арайы газетінің тілшісі И.Қ. Рахметов және ауыл тұрғындары қатысты. Мемлекеттік әнұран ойнатылғаннан кейін мектеп директоры С.С Ккенжегузина сөз сөйлем оқушыларды құттықтады. Осындай ақ тілектерін С.Касенов пен И.Рахметовта жолдады. Арнайы мектеп директорының бұйрығын оқығаннан соң мектеп директорының оқу ісі бойынша орынбасары Ибраева Қ.Ж мен мектеп директоры салтанатты түрде оқушыларға аттестаттарын табыстады. Шара барысында "Айым бекен-ай" әнін Мұрат Аийна, "Үнді" биін Нұргүл Адраковалар орындады. 11 - сынып оқушылары өздеріде флешмоб пен оқушылардың қощтасу вальсін биледі. Соңында "Ұстазым" әнін түлектер бірге орындады. Біз аттестат алған түлектерге ақ жол, сәт сапар тілейміз. Қоғамның қай жерінде болса да түлек ұшқан мектептерін ұмытпаса екен дейміз. Түлектер сапарларың оң болсын!







