Мектеп қызметкері Дорощук Л.А зейнеткерлікке шығарып салу
Жамбыл жалпы орта білім беру мектебінің қызметкері Дорощук Л.А мамыр айының 20 - сы күні зейнеткерлікке шықты. Мектеп қабырғасында бірнеше жыл қызмет атқарған Людмила Анатольевнаны мектеп ұжымы осы атаулы мерекемен шын жүректен құттықтап, арнай концерттік бағдарламаны тарту етті. 5-6 сынып оқушылары би билеп ән айтты. 11 - сынып оқушылары Темірбай Т мен Ищук А гитара аспабында әндер шырқады. бастауыш сынып оқушылары да белсене қатысып концерттің шырайын енгізді. Шара барысында мерейтой иесі Дорощук Л.А ризашылығын білдіріп, алғысын арнады.





