Бақшадағы дайындық жұмыстары
Жамбыл орта жалпы білім беру мектебінің жоғары сынып оқушылары оқу процесінен кейін мектеп ауласында орналасқан бақшадағы егу жұмыстарына дайындыққа қатысты. Сынып жетекші Тұрсынбаева Б.Қ ұйымдастыруымен 9 - сынып оқушылары тырнауыш, күрек т.б құралдарды алып бақшада еңбек етті. Биология пәні мұғалімі Тасмаганбетова А.Е егілетін көкөністер мен жеміс-жидектер туралы айттып өтті. Пайдалы еңбекке қатысқандарға алғыс білдіреміз.



