9 мамыр Жеңіс күнінің мерекелік бағдарламасы
"Жамбыл жалпы орта белем беру мектебі" КММ де 9 мамыр Жеңіс күніне арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды. Жеңі күніне арналған мерекелік бағдарламаға ауыл қариялары мен тыл ардагерлері қатысты. Жамбыл селолық округінің әкімі Н.Ж. Тұрсынбаев ардагерлерге құттықтау сөзін арнап, ыстық лебізін білдірді. Мерекелік шара барысында мектеп оқушылары майдан әндерін орындап, қойылымдар қойды. 5 - сынып оқушылары "Землянка" әнін орындап, қойлымын қойса, 6 - сынып оқушылары "Катюша" әнін орындады. 9 - сынып оқушысы Сомкина Мадина "Әлия" әнін орындады. Мектеп ұстазы С.М. Жармаганбетова "Журавли" әнін және 11 сынып оқушысы Ищук Андрей мен 9 - сынып оқушысы Сомкина Мадина гитараның сүйемелдеуінде "Анаға хат" әндерін орындады. Іс-шара аяқталып ардагерлер концертті ұйымдастырған ұстаздар мен оқушыларға алғыстарын арнады. Біз Жеңіс жауынгерлеріне бас иеміз.Олардың ерліктерін ешқашан ұмытпаймыз.






