Ынтымақ, бірлік келісім - ең басты байлық ел үшін
Жамбыл жалпы орта білім беру мектебінде 1 мамыр Қазақстан Республикасының бірлігі күніне арналған "Ынтымақ, бірлік, келісім - ең басты байлық ел үшін" атты мерекелік бағдарламасы ұйымдастырылды. Қазақстан - көп ұлтты мемлекет. Қазақстанда 130 дан астам ұлт пен ұлыс өмір сүруде. Мектептегі шара барысында жоғары сынып оқушылары өзге ұлттарға бөлініп, сол ұлттар туралы мағлұматтар айтып, олардың ұлттық тағамдары жөнінде біраз ақпараттар берді. 6 - сынып оқушылары "Қазақ биін" билесе, 9 - сынып оқушылары "Өзбекті" биледі, 5 - сынып оқушылары орыс әндері мен тақпақтарын нақышына келтіріп мәнерлеп оқыды. Шара соңында мектеп мұғалімі Жармаганбетова С.М "Көк тудың желбірегені" әнімен бағдарламаны аяқтады.
Қазақ жері - қонақжай төрдің жері,
Қазақ елі - қас сақтай елдің жері.
Толқынында тарихтың қуғын көрген
Барша ұлтқа құт мекен болған еді.
Жасасын Қазақстан! Еліміз күн сайын дамып, халқымыздың бірлігі мызғымасын.

Қазақ жері - қонақжай төрдің жері,
Қазақ елі - қас сақтай елдің жері.
Толқынында тарихтың қуғын көрген
Барша ұлтқа құт мекен болған еді.
Жасасын Қазақстан! Еліміз күн сайын дамып, халқымыздың бірлігі мызғымасын.




