"Имунитеттеу" апталығы
Жамбыл жалпы орта білім беру мектебінде 24-30 сәуір аралығында "Имунитеттеу" апталығы бойынша спорттық іс-шаралар өткізілді. Апталықтың мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Мектеп дене шынықтыру пәні мұғалімдері Д.К. Бекенов пен А.К. Рамазанов оқушыларға спорттық сайыстар ұйымдастырды. Футбол, волейбол, теннис, шахмат, дартс және тағы басқа эстафеталық ойындарға барлық оқушылар белсене қатысты. Апта соңында белсене қатысқан сыныптар марапатталды.







