Ибраева Даурияның жетістігі
Жамбыл жалпы орта білім беру мектебінің 9 - сынып оқушысы Ибраева Даурия Петропавл қаласында өткізілген "Ең үздік компьютерлік технология операторы" конкурсына қатысып жүлделі орынға ие болды. Конкурс барысында Ибраева Даурия белсене қатысып, практикалық тапсырмалады орындай білді. Және өзі дайындаған жобаны жақсы қорғады. Ибраева Даурияны конкурсқа дайындаған мектеп психологы А.М. Абилов. Мектеп психологі Айбек Мұратұлы Абилов пен 9 - сынып оқушысы, конкурсқа қатысушы Ибраева Даурияның ұйымдастырушылар жақсы жетістіктері үшін марапаттады. Алдағы уақытта тегін қәсіптік-техникалық оқуға түсуге мүмкіншілік беретін серификатты Ибраева Даурияға табыстады. Мектеп директоры С.Кенжегузина мен мектеп психологы А.Абиловқа алғыс хаттар табысталды. Ұстаздардың еңбегі еленіп, дарынды шәкірттер биіктен көріне берсін.




