"Ұлыстың ұлы күні-Наурыз" мерекелік бағдарламасы
Жамбыл орта мектебінде 20.03.2017 ж "Ұлыстың Ұлы күні-Наурыз" атты мерекелік бағдарламасы ұйымдастырылды. Наурыз көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналған. Наурыз - бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Ұйымдастырушылар Р.Т. Казинурова мен аға тәлімгер С.Н. Адраков. Мерекелік іс-шараны 6 - сынып оқушылары "Наурыз көктем" әнімен ашты. 2 - сынып оқушылар Шәріп Жалғас пен Жасұлан Ұлан "Сәлем салу" рәсімін көрсетті.Наурыз мерекесіне арналған бағдарламада би биленіп, әсем ән де айтылды. Көрермендерге шағын орталық бүлдіршіндері "Қуыршақ" биін, 1 - сынып "Қара жорға", 2-3 сынып оқушылары "Толғау биі" ұсынды. 1 - сынып оқушысы Ибраева Данель де би билеп қошеметке бөленді. 4 - сынып оқушысы Мұрат Аийна "Домбыра туралы баллада" әнін шырқады. Мектеп ұстазы Жармаганбетова С.М. Науырз мерекесіне әнін арнады. 9 - сынып оқушысы Бекен Әдинай "Наурыз мерекесіне" арналған өлең жолдарын мәнерлеп оқыды. Мектепішілік "Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз" мерекелік бағдарламасы жоғары деңгейде өткізілді. Оқушылар, ата-аналар, студенттер бұл мерекеге көптеп жиналды. Еліміз аман, жақсы заман болсын.Наурыз мейрамы құтты болсын!









