"Қазақстанның танымал әйелдері" 7-10 сыныптардағы сынып сағаты
Жамбыл орта мектебінің ұстаздары О.Т. Карбозов пен Б.Қ. Турсунбаева 7-10 сыныптар аралығында "Қазақстанның танымал әйелдері" жөнінде сынып сағаттарын өткізді. Бүгінгі таңда барлық салаларда беделді қызмет атқарып, елге танымал нәзік жандылар туралы слайдтар көрсетіліп, олар жайлы біраз ақпараттар айтылды. Өнер, білім, кино тағы басқа салалардағы танымал әйелдер туралы оқушылар да қызықты мәліметтер біледі екен.Қосымша тағы да аталмыш ұстаздар олар жайлы кеңінен тоқталып өтті.
