"Қайырымдылық - адам жанының айнасы" іс шарасы
1 - наурыз Ризашылық және Алғыс айту күніне арналған іс-шаралар жалғасуда. Мектеп ұстаздары Алғыс айту күніне байланысты бірнеше іс-шараларды оқушыларға ұйымдастыруда. Жамбыл орта мектебінің ұстаздары О.Т. Карбозов пен Б.Қ. Турсунбаева 7-9 сыныптар арасындағы іс-шаралары қызықты, әрі тартымды өткізілді. Интерактивті тақтадан "Алғыс айтып жүрейікші адамдар", "Шын жүректен мың алғыс" атты видеороликтерді және ақпараты мол слайдтарды оқушылар назарына ұсынды. О.Т. Карбозов пен Б.Қ. Турсунбаева оқушылармен бірге шағын жүректен - жүрекке тілек айту тренингін ұйымдастырды.








