"Синий кит" туралы ата-аналар жиналысы
Соңғы уақыттарда ақпарат беттінде "Синий кит" қауіпті интернет парақшасы туралы ақпараттар көп айтылуда. "Синий кит" жасөспірімдер мен оқушыларды әлеуметтік желілер арқылы өзіне тартып, суицидке бағыттауда. Адамдар соның ішінде оқушы жастар арасында суицидті болдырмас үшін, қауіпсіздікті сақтау мақсатында қажетті барлық шаралар басты назарға алынып, жұмыстар атқарылуда. Өзін-өзі қол жұмсауға итермелейтін осындай "Синий кит" тағы да басқа қауіпті сайттардың зардабы мен олардан сақтану туралы барлық аймақтарда құқық қорғау органдарымен бірлесіп іс-шаралар өткізілуде. Жамбыл орта мектебінде 14.02.2017 ж. "Синий кит" және басқада қауіпті сайттардың қауіптілігі жайында ата-аналар жиналысы өткізілді. Ата-аналар жиналысына ата-аналар, сынып жетекшілері және Жамбыл аудандық ішкі істер бөлімінің полиция қызметкерлері қатысты. Мектеп директоры Кенжегузина Самал Салимовна "Синий кит" және басқа да қауіпті сайттар жайында біраз ақпарттар айтып өтті. Интерактивті тақтада видероликтар көрсетіліп, ата-аналарға толықтай ақпараттар берілді. Жиналысқа қатысқан аудандық ішкі істер бөлімінің полиция капитаны Қамытаяков Алтынбек Жамбылұлы да "Синий кит"және тағы басқа қауіпті сайттар жайында өз ақпараттарымен бөлісті. Атан-аналар жиналыс соңында сұрақтар қойып нақты жауаптар алды. "Синий кит" және тағы да басқа қауіпті сайттарға оқушыларымыз бой алдырмауы тиіс. Бәріміз сол үшін мектепте, үйде болсын оқушылардың бос уақытын тиімді өткізілуін қадағалағанымыз жөн.
