Ардагер ұстаз Ришат Қауқанұлы Ильясовты зейнеткерлікке шығарып салу салтанатты кеші
Жамбыл орта мектебінің ардагер ұстазы Ришат Қауқанұлы Ильясовтың зейнеткерлікке шығуына орай Жамбыл орта мектебінде салтанатты кеш өткізілді. Ришат Қауқанұлы Ильясов Жамбыл орта мектебінің ардагер ұстазы. Ришат Қауқанұлы оқушыларды АӘД пәніне қызығушылықтарын арттырып, Отанына адал қызмет етуді үйретті. Заманның қиын уақытында мектеп басқарып директор болды. Ұжымды басқара біліп, мектептің дамуына үлесін қосты.Ришат Қауқанұлының 63 жас, зейнеткерлікке шығуына орай мектебімізде салтанатты шара атқарылды. Шараға ұстаздар мен оқушылар, ата-аналар қатысты. Ришат Қауқанұлымен бірге Жамбыл орта мектебінде қызмет атқарған ардагер ұстаздар Жанмұханова Ж, Тасмаганбетов Е, Близнецов В қатысты. Салтанатты шараны жүргізген мектеп аға тәлімгері Адраков С.Н. Интерактивті тақтадан Ришат Қауқанұлының өмір жолы жайында слайдтар көрсетілді. Слайдты баяндаған орыс тілі пәні мұғалімі А.Б. Казиева. Мерей той иесіне мектеп директоры Кенжегузина Самал Салимовна ұжым атынан туған күн иесін құттықтап, естелік сыйлық табыстады. Шара барысында мерейтой иесіне арналып ән де айтылды, би де көрсетілді. Мектебіміздің физика пәні мұғалімі Б.К. Турсунбаева, 4 - сынып оқушылары Мәлік Сейсен, Мұрат Айина, 9 - сынып оқушысы Сомкина Мадина әндерін арнаса, 6 - сынып оқушылары қазақ биін және заманауи билерді тарту етті. Ардагер ұстаздар Ришат Қауқанұлы зейнеткерлікке шығуымен құттықтады. Аға тәлімгер Адраков С.Н. көпшілікке домбырамен әнін тарту етті. Шара соңында Ришат Қауқанұлы мектеп ұжымына алғысын арнап өтті. Біз ұлағатты ұстаздарды ұмытпаймыз, олардың еңбектерін бағалауымыз керек.
