"Менің Отаным - Қазақстан" атты қарттарға арналған концерт
Жамбыл орта мектебінде "Жамбыл селолық округі әкімі" аппаратының ұйымдастыруымен "Ардагерлер кеңесінің" кездесуі өткізілді. Бұл шараға Жамбыл аудандық "Ардагерлер кеңесінің" төрағасы Амангелді Абылгазин, селолық округ әкімі Нұрлан Жұмағалиұлы Тұрсынбаев, ауыл қарттары қатысты. "Ардагерлер кеңесінің" бір жыл ішіндегі атқарылған жұмысы туралы есебі тыңдалды. Жамбыл селолық округінің ақсақалдар алқасының төрағасы Е.Қ. Тасмаганбетов та есеп берді. Ауыл ақсақалы Серік Қазиев сөз соңында атқарылған жұмыстарға алғыс білдірді. "Ардагерлер кеңесі" бірлестігінің алғыс хатымен Е.Қ. Тасмаганбетов, және Қарағаш аулының ақсақалы Егізбай Бекенов мараптталды. Мектеп оқушылары жиылған қарттарға концерт арнады. Концерт барысында 4 - сынып оқушысы Мәлік Сейсен "Қазақстан - Тәуелсіз ел бақытты" әнін, Мұрат Аийна "Домбыра туралы баллада", 9 - сынып оқушысы Сомкина Мадина "Туған жер" әндерін шырқаса, 6 - сынып оқушылар "Қазақ биін" және заманауи билерін көрсетті. Мектеп аға тәлімгері С.Н. Адраков домбыра үнімен "Нағыз қазақ" термесін орындады. Бұл іс-шараны жүргізген С.Н. Адраков. Шара соңында округ әкімі жиналған көпшілікке рахмет айтып, тарасты.








