Елбасының Жолдауын мектеп ұжымымен талқылау
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 31 қаңтар күні Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы дәстүр бойынша Жолдауын арнады. "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" - бұл биылғы Елбасы Жолдауының тақырыбы. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауын қолдау мақсатында еліміздің барлық аймақтарында түсіндіру, жолдауды талқылап, жолдауда көрсетілген міндеттер мен мақсаттар бойынша іс-шаралар атқарылуда. Жамбыл орта мектебінің ұстаздары мен жұмысшылары Елбасының биылғы жолдауын талқылап, өз ойларын білдірді. Әсіресе білім саласының мамандары бұл жолдауда білім саласына ерекше мән беріліп тұрғандығы айтылды. 2017 жылдың 1 қыркүйегінен бастап елімізде " баршаға арналған тегін кәсіптік білім беру" жобасы іске асырылмақ.Сондай үш тілде білім беру бойынша шаралар басталмақ. Жолдауды интербелсенді тақта арқылы көрсеткен тарих пәні мұғалімі Саян Нұржанұлы Адраков. Жолдаудағы бағыттар бойынша ұстаздар мен жұмысшылар өз ойларын білдірді.



