"Жарқын болашақ" олимпиадасы
Жамбыл орта мектебінің орталығы Пресновка селосында жалпы білім беретін мектептер арасында VII аудандық "Жарқын болашақ" олимпиадасы өткізілді. Олимпиадаға 6-11 сынып оқушылары арасындағы жарысқа қатысты. "Жарқын болашақ" олмпиадасы бірнеше номинациялар бойынша өткізілді. Жамбыл орта мектебінен "Жарқын болашақ" олимпиадасына оқушылар қатысып жүлделі орындарды номинациялар бойынша иеленді. Атап өтсек "Сөз шеберлері" номинациясы бойынша 6 сынып оқушысы Дүйсембина Ұлдана 3 орын иеленді. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі С.С. Кенжегузина. "Әнші бұлбұлдар" номинациясы бойынша 9 сынып оқушысы Сомкина Мадина 2 орын және "Жазушылар" номинациясы бойынша 6 сынып оқушысы Мықтыбай Елнара 3 орындарға қол жеткізді. Жетекшісі Жармаганбетова С.М. Мектеп оқушылары мен ұстаздар "Жарқын болашақ" олимпиадасының жеңімпаздарын құттықтап, шығармашылық табыс пен сәттілік тілейміз.


