Өзін - өзі тану онкүндігінің ашылу
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген.
Мейірім толған жанымыз, жүрегіміз,
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.
"Өзін-өзі тану" пәнін Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы деуге әбден лайықты. Себебі, осы пән арқылы оқушы бойына мейірім мен рақымшылдықтың, адамгершіліктің, әдеміліктің, шынайылықтың дәнін себуге болады. "Өзін-өзі тану" пәні әрбір оқушыны адал болуға, айналаны жақсы көруге, өзінің "менін" қалыптастыруға, өмірден өз орнын табуға, өз мүмкіндіктерін анықтауға, өмірді сүюге, алға ұмтылуға, ешкімге еліктемей өзін таба білуге үйретеді. Жас ұрпақтың қабілеті мен мүмкіншілігін жан-жақты ашып, адамгершіліктің биігіне көтеретін, ізгілік пен сұлулықтың шын мағынасын түсінуге шынайы мейірімділік пен ақиқатқа ұмтылуға, өз өмірін жоғары мәнмен өткізуге жетелейді.Шығармашылықпен еңбек етуге шабыттандырады. Анаға, туған жерге, Отан, туған-туысқанға, досқа, өмірге, әлемге махаббатпен қарау керек екенін ұғындыратын пән. Олай болса "Өзін өзі тану" пәнін махаббат пен шығармашылық педагогикасы" деу әбден орынды.
Бұл күндері өздеріңізді жан-жақты танытуға, түрлі салаларда өздеріңізді сынап көруге мүмкіндік берілуде. Жоспар бойынша іс-шараларға әрқайсыңыз үлес қосыңыздар. Сіздердің қабілеттеріңіз бен ішкі мүмкіндіктеріңіздің ашылуына барынша жағдай жасалуда. Баршағызды белсенділік танытуға шақырамын.