Орыс тілі мен әдебиеті пәні апталығы
.jpg)

Жамбыл орта мектебінде 23.01-28.01.2017 ж. аралығында орыс тілі және әдебиеті пәнінің апталығы жүріп жатыр. Апталықтың тақырыбы "Страна Знаний русского языка". Орыс тілі және әдебиеті пәнін салтанатты түрде ашылуын Тілдер ӘБ жетекшісі және орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Б. Казиева ұйымдастырды. 24.01.2017 ж. орыс тілі пәнінен 6 - 9 сыныптар арасында А.Б. Казиева "Путешествие в страну филологию" ойынын ұйымдастырса, 25.01.2017 ж. А.Б. Казиева 3-4 сыныптарда "Путешествие в страну Знаний русского языка" сыныптас тыс жұмысын рқушылармен атқарды. 26.01.2017 ж. орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Т.Б. Жакина 5-6 сынып оқушыларымен "Ты наш друг, родной язык" филологиялық сыныптан тыс сабағын өткізді.27.01.2017 ж. орыс тілі пәндерінің мұғалімдері Т.Б. Жакина мен А.Б. Казиева 8-11 сынып оқушылары арасында "В имени моей страны ее неповторимое величие" атты мектепішілік шығармалар сайысын ұйымдастырды. 28.01.2017 ж. 5-7 сынып оқушылары арасында орыс тілі пәні мұғалімі А.Б. Казиева орыс тілі пәнінен "КВН" сыныптан тыс шарасын өткізді. 30.01.2017 ж. мектепішілік орыс тілі және әдебиеті апталығы қорытындыланып, барлық іс-шараларға белсене қатысып, жүлделі орын алған оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.Жалпы орыс тілі мен әдебиеті апталығы жақсы ұйымдастырылып, оқушылар үшін мол ақпараттар ұсынылды.