"Құқық бұзушылықтың алдын алу" атты 5 сыныпта ата-аналар жиналысы өтті
Сынып жетекшісі Карбозов Олжас Темірханович жиналыс барысында ата-аналарға орта буын оқушыларына қойылатын талаптар мен мектеп ережесін сақтау, оқушылардың құқығы мен міндеттері туралы айтты. Сонымен қатар, оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатымен бейнеролик көрсетілді. Ата-аналар оқушылар арасында буллинг (шаптау, мазақтау) құбылысы пайда болғанына көздері жетті. Жиналыс барысында ата-аналарға ақпараттық парақшалар таратылды.