Қош бол, алтын ұям- мектебім!
Мектебімізде кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасты
Бүгінгі салтанатты жиын- 2018-2019 оқу жылындағы 11 сынып оқушылары үшін аса салтанатты күн. Бүгін 11 сынып оқушылары үшін соңғы қоңырау соғылды. 11 жыл бойы бұл оқушылар ұстаздары тік тұрып қарсы алса, біз бүгін үлкен өмірге қадам басқан түлектерді тік тұрып қарсы алды. 2018-2019 оқу жылының аяқталуына байланысты мектеп директорының бұйрығымен таныстыру үшін сөз оқу ісінің меңгерушісі Ибраева Қамар Жангереевнаға берілді.