7 мамыр - Отан қорғаушылар күні
7 мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған акция ұйымымдастырылып өткізілді. Аталған уақытта патриоттық видеоролик көру 12.00-12.10 уақыт аралығында және шараның ашылуы 12.10-12.15 өткізілді.
"Соғыстан қайтқан солдаттар" әнін 6 сынып оқушысы Мәлік Сейсен орындады. Мектеп директорының құттықтау сөзінен кейін салтанатты шеру өткізілді. Құттықтау сөз кезегі тыл ардагері Жанмуханова Ж.А. берілді. "Жеңіс туы" әнін 5 сынып оқушылары орындады. Құттықтау сөз кезегі ауған жауынгерлік іс - әрекетіне қатысушысы Жакин Е.С. берілді. Акция мектеп оқушыларының концертімен аяқталды. Акцияға Жамбыл селолық округігің әкімі Тұрсынбаев Н.Ж., тыл ардагері Жанмуханова Ж.А., ауған соғысының ардагері Жакин Е.С. қатысты.





