"Отбасы сағаты" атты ата- аналар арасында спорттық сайыс
"Отбасы сағаты" - республикалық акция аясында "Жамбыл жалпы орта білім беру мектебі" КММ бойынша спорттық шара өткізілді. Шараға 4 сынып ата-аналары, оқушылары қатысты.
Бұл шараға қатысқан отбасылар өздерінің жан - жақты екенін көрсете білді. Жарыс барасында қатысушы топтар бағдарламаның барлық кезеңдерінен сүрінбей өтіп, өздерінің ептіліктері мен спорттық шеберлітерін танытты. Осы отбасылық сайыстың басты мақсаты: отбасылық тәрбие мен отбасылық құндылықтар туралы түсінік қалыптастыру; білім алушыларды отбасы алдындағы жауапкершілік сезімге және отбасында дұрыс өзара қарым - қатынасты тәрбиелеу, ата - ана мен балаларын жақындастыру; отбасы туралы, адамгершілік нормалары мен уағыздары туралы білімдерін кеңейту болып табылады.

.jpeg)



