"Татулық - достықтың киелі бесігі" атты 1 мамыр күніне арналған тәрбие сағаты
"Татулық - достықтың киелі бесігі" атты 1 мамыр күніне бастауыш сыныптар аралығында тәрбие сағаты өтті. Осы тәрбие сағатының басты мақсаты балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу болып табылады.
Халқымыз достық, ынтымақтастыққа ерекше мән берген "Қырғыз, қазақ - бір туған", "Өзбек - өз ағам", "Түбі - бірге түрікмен" деп қырғыз , өзбек, түрікмен және т.б. ұлттарды ынтымақтастыққа шақырған. Бірлік - халық салты. Халқымыздың бірлік салты отбасынан басталып, бүкіл елдың, барлық адам баласының бірлігімен ұласады. Біздің мемлекет бейбітшілікті жақтаушы, достықты жырлаушы, тыныштықты сақтаушы ел. Елімізде әр ұлттар тату - тәтті өмір сүруде. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге - қазақтарға керек.





