Өзін-өзі тану апталығы өткізілді
"Өзін-өзі тану": сүйіспеншілік және шығармашылық педагогикасы" атты он күндігінің салтанатты ашуы өтті. Өткізген Бектасова С.Ш.
"Балалық шақ- қуаныш пен күлкі" көңілді старт 13 ақпан күні Рамазанов А.К. бастауыш сыныптар үшін өтікзді. Сара Алпысқызы Назарбаеваның 12 ақпан туған күніне байланысты кітапханада "Жылы жүрек- жақсы тілек" атты көрме ұйымдастырылды. Жоғары сынып оқушыларымен "Алтын жүректі Ана" тақырыбында тәрбие сағатын Осипова Ж.А. өткізді. Қоғам қайраткері Сара Алпысқызының 1992 жылы "Бөбек" қайырымдылық қорының негізін қалаушысы. Оқушыларға өмірбаяны, отбасы жайлы айтылды. "Өзін-өзі таны" атты балаларға рухани-адамгершілік білім беру және тәрбиелеру идеясының авторы болып табылады. Өзінің бастамасымен жетім балаларды қорғау туралы заң қабылданып "Бөбек" қоры арқылы қайырымдылық көмек көрсетілді.