"Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік" акциясы өтті
"Жасөспірім- Заң- Қауіпсіздік" акциясы шеңберінде өңірдің учаскелік инспекторы Молдашев А.Е. мектеп оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды.
Жамбыл жалпы орта білім беру мектебінде өткен кездесу. Жол қозғалысы ережелері, сондай-ақ, нашақорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды. Учаскелік инспектор қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жасау үшін көзделетін жауапкершілік туралы айтып, синтетикалық есірткілердің зиянына тоқталды. Бұл акция арқылы балаларға жолдағы қауіпсіздікті, өрт қауіпсіздігінің ережелерін жеткізді. Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың әкімшілік, қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қарастырылатын жауапкершілік туралы айтты. Жалпы, балалардың тарарпынан заң бұзушылықтар жасалмас үшін қажетті іс-шараларды өткізді. Сонымен қатар, оларға учаскелік инспектордың байланыс мәліметтері көрсетілген визиткалар таратылады.