Біртұтас_тәрбие
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына
Ұқыптылық пен зеректік
Жеткізер білім шыңына.
Бастауышта қанасың
Білімнің нәрлі сырына.
25 қараша күні Жамбыл жалпы орта білім беретін мектебінде бастауыш сынып және тәрбиешілер әдістемелік бірлестігінің «Білім басы бастауышта қаланар, Білімменен әлемге жол салынар» тақырыбындағы апталықтың ашылу салтанаты өтті.
Апталықтың мақсаты: Оқушылардың танымдық белсенділіктері мен шығармашылық қабілеттерін дамыту, білімге құштарлықтарын арттыру.
Салтанатты жиын барысында оқушылар апталықтың жоспарымен таныстырылды. Бастауыш білім туралы ән шырқап, өлең жолдарын жатқа оқыды. Апталықтың бірінші күні «Белсенді ойыншы» тақырыбында өтті. Сабақ барысында оқушыларға шығармашылық тапсырмалар беріліп, үзілістерде балалар арасында «Бәйге», «Кім жылдам?» қызықты ойын-сайыстар өткізілді. Аға тәлімгер Бралина Г.А. 2-4 сынып оқушылары арасында «Мектеп лигасы» спорттық іс-шарасын өткізді.